Halyq Uni логотип
×

Қазақстан тауарлары Иран нарығына шығарылады

Мәжіліс еркін сауда туралы келісімді ратификациялады

 Динара Амантай 04.12.2024 | 15:15
Қазақстан тауарлары Иран нарығына шығарылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан тауарлары Иран нарығына шығарылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мәжіліс «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді» ратификациялады. Құжат 2023 жылы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында жасалған.

Келісімнің мақсаты – тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту, тауарларды серіктес нарығына шығару және Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құру, тараптар экономикасын дамыту, – делінген хабарламада.

Құжат Қазақстан тауарларын Иран нарығына шығару шарттарын жақсартуға, қазақстандық экспорттың құрылымын әртараптандыруға мүмкіндік береді. Құжат аясында тарифтік емес шаралар реттеліп, Иранмен сауданың тұрақты және болжамды ережелері қалыптастырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама