Коммуналдық шаруашылықты дамытуға биыл 21 млрд теңге қарастырылған
Биыл Батыс Қазақстан облысында коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге және жаңадан салуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 21 млрд.теңге бөлу көзделген. Бұл туралы өңір басшысы Нариман Төреғалиев Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Аймақ басшысының айтуынша, өңірде тұрғын үй шаруашылық секторын дамытуға басымдық беріледі. Бүгінде облыста коммуналды шаруашылық дамыту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні тұрғындарымыздың қолайлы өмір сүру үшін маңызды коммуналдық объектілердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда жаңа электр қосалқы станциялары пайдалануға берілді. №3 кәріз сорғы станциясы және №5 жылу магистарлы жаңартылды. Олар 60-70 жылдан бері жөндеу көрмеген. Олар қаланың қақ ортасында орналасқан үлкен кәріз сорғыдары. Қосалқы станциялар Орал қаласын жаңадан салынып жатқан шағын аудандарын және оған жақын орналасқан объектілер жалы алғанда 120 мың тұрғынды электр қуатымен қамтамасыз ететін болады. №5 жылу магистралы 70 мың, ал №3 кәріз сорғы стансасы 150 мың пайдаланушы,а қызмет көрсетеді», деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, ол Орал қаласы бойынша №2,21,18 кәріз сорғы станцияларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.
Яғни келесі жылы осы жұмыстар толық аяқтау, сонымен қатар орталықтағы барлық кәріз жүйелеріне қатысты қаланың ортасындағы проблемаларды түгелдей шешетін боламыз. Аталған нысандардың ішінде №2, №21 кәріз сорғы стансаларын және №2 турба агрегатты қайта жаңғырту және жаңа қосалқы электростанцияның құрылысын биыл аяқтайтын боламыз. Келесі жылы осындай жұмыстар жалғасатын болады. Жалпы алғанда облыс орталығын су әкету және су көтеру нысандарының барлығына жаңғырту жұмыстары жүргізіліп яқталатын болады. Биылғы жылы аталған нысандарды реконструкциялауға және жаңадан салуға республикалық және жергілікті бюджеттерден 21 млрд теңге қаржы қарастырылды», - деді Төреғалиев.
Бұған қоса БҚО әкімі энергетика саласы бойынша маңызды сұрақтардың бірі – ол басқа елге тәуелділікті азайтуға қатысты ақпарат берді. Бүгінде облыстың екі ауданы - Бөкей орда мен Жәнібек аудандары әлі күнге дейін Ресейден электр жарығын алып отыр.
Осыған байланысты қазір 5 мВт газ қондырғысын орнату бойынша инвестрмен сөйлесіп, қазір осы жұмыстары Энергетика министрлігімен жүргізілуде. Газ саласы бойынша Жәнібек және Бәйтерек аудандарына тиесілі облысымыздың 4 елді мекені газды Ресейден алып отыр. Облыстың қалған барлық аудандарымен ауылдары өзіміздің газбен қамтылған. Сондай-ақ 2023-2024 жж. бірқатар салалардың материалдық техникалық базаларын жаңартып, оларға облыстық бюджеттен 10 миллиард теңгеге жуық қаржыға 600-дан астам техникалық сатып алынып берілді», - деп қосты ол.
Сонымен қатар әкім облыстағы жол жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Облыстың шалғай орналасқан Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында 2019 жылы басталған республикалық маңызы бар 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде барлық ауданның облыс орталығымен байланысы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ республикалық маңызы бар 144 шақырым Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 60 шақырымға жуық жол жөнделді, қалғаны келесі жылы жалғасатын болады. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Барбастау – Ақжайық – Индер және Жаңақала – Бисен бағытындағы жолдардың құрылысы жүруде. Үкіметтің қолдауымен жыл сайын жол құрылыстарына қаражат уақытылы бөлінуде», - деді Н.Төреғалиев.
Айта кетсек, былтыр Батыс Қазақстан облысында 82 млрд теңгеге 562 шақырым жол жөнделсе, биыл 92 млрд теңгеден астам қаржыға 642 км жол жөнделіп жатыр. Әкім 2025 жылы осындай көлемдегі жолдарды жөндеу жоспарланып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, облыс орталығы Орал қаласындағы көше жолдарын жөндеу бойынша да жұмыстары қарқынды жүріп жатқаны айтылды. Мәселен, былтыр Орал қаласында 58 шақырым жол жөнделсе, биылғы жылы 50 шақырымнан астам жол жөнделді.