Halyq Uni логотип
×

Биыл Қазақстанда 16,7 млн мұнай өңделді

Мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істеп жатыр

 Динара Амантай 03.12.2024 | 15:36
Биыл Қазақстанда 16,7 млн мұнай өңделді
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 16,7 млн тоннаға жетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артық, деп хабарлайды Halyq Uni.

Биылғы есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру көлемі:

  • автобензин – 4,88 млн тонна немесе 2023 жылға 101,1%;
  • дизель отыны – 4,91 млн тонна немесе 2023 жылға 103%;
  • авиакеросин – 0,68 млн тонна немесе 2023 жылға 118,6%.

Бүгінде қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары тұрақты жұмыс істейді, жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) қорларын тиеу және толықтыру үздіксіз іске асырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама