Halyq Uni логотип
×

Доллар 600 теңгеге жете ме? Министр пікір білдірді

Үкімет жағдайды бақылап отыр

 Дәурен Ерболат 02.12.2024 | 16:41
Доллар 600 теңгеге жете ме? Министр пікір білдірді
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңге бағамына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкіметтің баспасөз орталығында министрге «егер 1 доллар 600 теңге болса, қандай жоспарларыңыз бар?» деген сұрақ қойылды.

Байбазаров мемлекетте әлеуметтік-экономикалық жоспар барын жеткізді.

(1 доллар) 500 теңге болғанға қатысты А және Б жоспары бар. Бізде әзірге 1 доллар 600 теңге болады деген болжам жоқ. Бізде Б жоспарында 500 теңге деп тұр. 1 доллар 600 болады дегенге жоспар құрмадық, – деді министр.

Оның айтуынша, 2025 жылы Қазақстанға шетел валютасында инвестиция тартылады.

«Үкімет жоспары аясында біз келесі жылы инвестицияны шетелдік валютада сақтауды жоспарлап отырмыз. Ол инвестиция біздің валюталық нарықтан өтеді. Ол конвертацияланып, Қазақстандағы жобаларды іске асыруға жұмсаймыз. Осылайша, елімізге валюталық ағынды күшейтеміз», – деді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама