Қазақстан мұнайын экспортқа шығару қымбаттайды
Компания мәліметінше, тариф 11,3 пайыз көтеріледі
Мұнай құбырларының ұлттық операторы «ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап экспорттық мұнайдың тасымалдау тарифтерін көтереді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Компания мәліметінше, тариф 11,3 пайыз көтеріледі. 1 қаңтардан бастап 1 мың шақырымға 1 тонна мұнай тасымалдау қызметі үшін ҚҚС-сыз 11,3 мың теңге (қазіргіден 1 150 теңгеге артық) талап етеді. Бұл тек экспорттық жеткізілімдерге әсер етеді.
Оператор мынадай қосымша қызметтерге де тарифтерді көтереді:
- Мақат станциясында Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырына мұнайды ауыстырып тиеу (тоннасы 2 436 теңгеге дейін);
- Кеңқияқ станциясында (тоннасына 740 теңгеге дейін);
- Атасу бас станциясындағы «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырында (тоннасына 380 теңгеге дейін).
Айта кетсек, биыл тамыз айының басында «ҚазТрансОйл» ішкі нарықтағы мұнай айдау тарифтерін уақытша төмендету туралы шешім қабылдағанмен, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оны қайтадан көтеретіні белгілі болды.