2025 жылғы көктемгі егіс науқанына 700 млрд теңге бөлінеді
Шаруалар қаржылық қолдауды уақытында алады
2025 жылғы Үкімет көктемгі егіс және егін жинау науқанына фермерлер үшін 700 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша фермерлердің өтініш-тілегін ескеріп, биыл 29 қарашадан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды бастады.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 млрд теңгеге дейін бағытталады. Оның 560 млрд теңгесі нарық көзінен тартылады, - деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бүгіннен бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру тетігі іске қосылды.
684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды. Оның ішінде 176 өтінім жұмысқа қабылданды. Тағы 508 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады, - деп жазылған хабарламада.
Қаржыландыру алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуден бұрын басталғанын атап өту маңызды. Бұл фермерлерге тұқымды, тыңайтқышты алдын-ала сатып алуға, техниканы дайындауға және барлық қажет жұмысты сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
Үкімет қабылдаған шараның арқасында шаруалар өздеріне барынша қолайлы жағдайлар бойынша жедел қаржылық қолдау алады.
Сондай-ақ кәсіпкерлер жиі көтеретін кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігі мәселелерін шешу үшін «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қарыз сомасының 85%-ын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кепілдік береді.
Консультация алу және өтінімдер беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын маңдағы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты agrocredit.kz сайтынан алуға болады және Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 Call center нөмірі, Tele 2, Altel үшін 8 701 006 19 91 телефон нөмірі жұмыс істейді.