Halyq Uni логотип
×

1 доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе? Сүлейменов пікір білдірді

Қаржы нарығындағы жағдай бақылауда тұр

 Дәурен Ерболат 29.11.2024 | 13:20
1 доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе? Сүлейменов пікір білдірді
фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында төрағаға «Алдағы уақытта 1 доллар 600 теңге дейін жетуі мүмкін бе?» деген сұрақ қойылды. Тимур Сүлейменов сауалға нақты жауап бере алмайтынын жеткізді.

Біз доллар бағамын жоспарламаймыз. Өйткені нарық сұраныс пен ұсынысты айқындайды. Сондықтан доллар бағамы қандай болатынына қатысты ешқандай жоспар жоқ, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Ол теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенция неге жасалғанын түсіндірді.

«Дүрбелең болмауы үшін интервенция жасадық. Ақша айырбастау пунктері мен банктердің алдында адамдар тұрмауы үшін осындай қадамға бардық. Егер осындай жағдай болмаса, интервенция жасамайтын едік. Оны жасауға ешқандай ниетіміз де жоқ. Өйткені ол – біздің резервіміз. Оны нарыққа жұмсаудың қажеті жоқ. Нарық қалай жұмыс істейтінін көрейік, соған қарап, тиісті шаралар қабылдаймыз», – деді Сүлейменов.

Төрағаның айтуынша, бүгінде Қазақстанда шамамен 44,5 млрд доллар болатын алтын қоры бар.

«Интервенция жүргізілгенін ескерсек, бұл 1 млрд долларға азайды. Бүгінде көрсеткіш 43,5 млрд теңге болды», – деді ол.

Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар жұмсағанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ, доллардың неге күрт қымбаттағанына қатысты түсінік берілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама