Сүлейменовтің сөзінше, кейінгі екі күн маңызды рөл атқарған
Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыруға 1 млрд доллар жұмсаған. Бұл туралы бас банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сүлейменовтің сөзінше, кейінгі екі күн маңызды рөл атқарған.
16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз. Соған 1 млрд доллар кетті. Бұл жеке тұлғаларға ешқандай әсер етпеді. Тек қана қор биржасындағы заңды тұлғалар қатысты, - дейді Сүлейменов.
Айта кетейік, 28 қарашада Қазақстан қор биржасында 713 млн доллар сатылды. Сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ доллары бағамы 513,05 теңге болды.