Қазір аймақта жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамытуға басымдық беріліп отыр
Түркістан облысына жыл басынан 888,5 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 17,7%-ға артты. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ал жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685 млн долларды құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды, - дейді өңір басшысы.
Түркістан облысы – халық саны ең көп өңірдің бірі. Қазір аймақта жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамытуға айрықша басымдық беріліп отыр.
Облыста өндіріс пен ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу жүйесі орнықпаса, экономиканы дамыту қиынға түседі. Сол себептен, өңірдің өркендеуіне тың серпін беретін энертегика, агроөнеркәсіптік кешен, өндіріс және қайта өңдеу, туризм салаларында маңызды 145 инвестициялық жобалар пулы дайындалды.
Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отырмыз. Кірістер қосымша 100 млрд теңгеге ұлғаяды, - дейді Дархан Сатыбалды.
Айтуынша, жалпы құны 86 млрд теңгеге 31 инвестцииялық жоба іске қосылып, 1 300-ден астам жұмыс орны ашылған.