Ұлттық банк байқау жариялады

Қымбат Елтайқызы

Оған кімдер қатыса алатыны айтылды

Фото: Halyq Uni

Қазақстан Ұлттық банкі зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін байқау жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық банк зерттеу жүргізушілерге грант ұсыну үшін ізденушілер арасында конкурстық іріктеу өтетінін мәлімдеді. Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеу тақырыбы: «Монета-ақша айналымын ынталандыру. Тиімді тәжірибелер мен табысты стратегиялар».

Конкурстық іріктеуге:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу ісіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректер жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
  • банкротқа ұшырамаған немесе таратылу процесінде тұрмаған заңды тұлғалар қатыса алады.

Қазақстан Ұлттық банкі  өтінімдерді қарап болған соң зерттеу тақырыбына сай бірнеше грант беруге немесе мүлдем бөлмеуге құқылы. Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық банктегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері берілген.

Өтінім қабылдау басталатын күн – 2024 жылғы 27 қараша. Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 10 қаңтар.