Ұлттық банктің ресми бағамы – 499,51 теңге
Алматыда валюта айырбастау орындарында долларды 508-510 теңгеден сатып алып, 515-518 теңгеден саудалап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, Астанада америкалық валютаны 506-508 теңгеден алып, 513-515 теңгеден сатып жатыр.
Ал Ұлттық банктің ресми бағамы – 499,51 теңге.
Еуро бағамына келсек, Алматыда 543 теңгеден, Астанада 540 теңгеден саудаланып жатыр.