Қытай компаниясы Қазақстанда электр энергиясы саласында жобаларды іске асырады
Бір жоба Маңғыстауда болуы мүмкін
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр China Huadian Corporation Ltd. компаниясының басшылығымен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Үкімет мәліметінше, вице-премьер China Huadian Corporation Ltd. мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге әрі жеткізуге маманданған.
Кездесуде Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу жобасы талқыланды. Ол өңір үшін электр энергиясының негізгі көзіне айналады. Жобаның болжамды құны $190 млн-ды құрайды, – делінген ақпаратта.
Корпорация вице-президенті Ли Сюйхуан ірі өзендер әлеуетін пайдаланып, каскадты су электр стансаларының құрылысын қосқанда, жаңа жобалардың пысықталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, компания жабдық сенімділігін, тиімділігін және экологиялық тазалығын арттыруға бағытталған дәстүрлі генерациялау көздерін жаңғырту жөніндегі бастамалар ұсынды.
Бұл жоба мен компанияның перспективалық бастамалары Қазақстан мен Қытайдың тұрақты энергиямен жабдықтау саласындағы стратегиялық ынтымақтастығын нығайтады.