Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Ресей газын Қытайға жеткізу мәселесін қарастыруға дайын

Газ еліміздің шығыс бөлігі арқылы ҚХР-ға жеткізілуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 25.11.2024 | 15:50
Қазақстан Ресей газын Қытайға жеткізу мәселесін қарастыруға дайын
Фото: Энергетика министрлігі

Қазақстан Ресей газын өз аумағы арқылы Қытайға жеткізу мәселесін қарастыруға дайын. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң ведомство басшысына «Жақында РФ премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Ресейден Шығыс Қазақстан аумағы арқылы Қытайға газ жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр деп мәлімдеме жасады. Астана бұл туралы не ойлайды?» деп сұрақ қойды.

Алмасадам Сәтқалиев алдымен мәселені РФ мен ҚХР өзара талқылап алу керегін, Қазақстан жобаны іске асыруға көмектесе алатынын атап өтті.

Жобаны іске асыру Ресей мен Қытай үкіметтерінің құзыретіне кіреді. Біз мұны түсінеміз. Олар жобаны жүзеге асыру үшін базалық параметрлерді айқындауы керек. Қазақстан сөзсіз жобаны іске асыру қызығушылық танытады. Ресейде тиісті шешім қабылданса, біз өз аумағымызды ұсынып, Қазақстанның ішкі нарығына келісілген баға бойынша 10 млрд текше метрге дейін газ жеткізуді қарастырамыз, - деді министр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама