Halyq Uni логотип
×

Елімізде май зауыты іске қосылады

Зауыт қарашаның соңында ашылады

 Қымбат Елтайқызы 22.11.2024 | 16:00
Елімізде май зауыты іске қосылады
фото: АШМ

Жақында қуаты 370 мың тонна майлы дақылдар шығаратын май экстракциялық зауыты пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, «Масло-Дел Петропавловск» ЖШС жаңа май экстракциялық зауытының құрылысын аяқтады. Зауытта жылына 370 мың тонна майлы дақылдар өңделеді.

Зауыт өнімдеріне күнбағыс пен зығыр майы, сондай-ақ күнжара кіреді. Сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өндіріс кезінде суық сығымдау технологиясы қолданылады. Кәсіпорында Германия, Бельгия және Түркияның заманауи жабдықтары орнатылған, – деп қосты ведомство.

Қазіргі уақытта тұқымдарды алу, дайындау әрі қабылдау цехтарының, сондай-ақ сорғы мен қазандық құрылысы аяқталды. Жабдықтарды іске қосу-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Өндірісті іске қосу биылғы қарашаның соңына жоспарланып отыр. Жоба құны – 34 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама