Бұл қай елдерге қажет екені айтылды
ҚТЖ Еуропадағы терминал желісін кеңейтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазақстан темір жолы» АҚ, L. A. C. Holding (Венгрия) пен Xi ' an Free Trade PortConstruction and Operation Co., Ltd (Қытай) Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Құжатқа Будапештте мемлекет басшысының Венгрияға мемлекеттік сапары аясында қол қойылды.
Тараптар Будапештте бірлескен интермодальды жүк терминалын құруға келісті. Венгрия астанасында Еуропа бойынша мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру үшін дамыған көлік желісі бар. Қуаты жылына 230 мың ЖФЭ терминалы ТХКБ бойынша транзитті қоса алғанда, Қытай – Еуропа – Қытай бағытымен контейнерлік пойыздар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру жеткізу мерзімдерін қысқартуға, тасымалдардың өзіндік құнын әрі шамадан тыс жүктеме уақытын төмендетуге ықпал етеді, – деп мәлімдеді ҚТЖ.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шетелде өзінің қатысуын белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Негізгі көлік дәліздері бойында терминал желісін қалыптастыру президенттің Еуразиядағы тораптық транзиттік хаб ретіндегі еліміздің позициясын күшейту бойынша алға қойған маңызды міндетін шешуге ықпал етеді.