Қазақстан халықаралық банктен тағы 269 млрд теңге қарыз алады
Қомақты қарыз 11 жылға алынады
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Келісім бойынша Қазақстан банктен қомақты қаржыны қарызға алады.
Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалды. Халықаралық қайта құру және даму банкі Қазақстанға 84,9 млрд йенаны (269 млрд 292 млн 221 мың 102 теңге, 1 йена – 3,17 теңге) қарызға береді. Қарызды өтеу мерзімі – 11 жыл. Бұл қаржы Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін керек. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, – деді депутат Татьяна Савельева.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заң жобасын қарауға алды. Еске салсақ, бБұған дейін еліміз шетелдік банктен 167 млрд теңге қарыз алатыны хабарланған еді. Cондай-ақ Ислам даму банкі Қазақстанға 1,2 млрд доллар бөледі.