Halyq Uni логотип
×

Биыл Қазақстанда жемшөп көлемі артты

Қандай көлемде даярланғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 18.11.2024 | 14:59
Биыл Қазақстанда жемшөп көлемі артты
фото: Halyq Uni

Елімізде 50,2 млн тонна жемшөп дайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жемшөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жемшөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, – деп мәлімдеді АШМ.

Биыл өңірлердің деректері бойынша, жемшөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2 млн гектардан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жемшөп үлесі шамамен 14% құрады (2023 жылы-13%).

24,5 млн тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн тонна), пішен - 1,7 млн тонна, сабан – 4,6 млн тонна, концкорм – 5,5 млн тонна және сүрлем – 2,0 млн тонна дайындау жоспарланған.

Биылғы 18 қарашадағы жағдайы бойынша, 34,9 млн тонна көлемінде шөп немесе бір жылдық жоспардан 142,6%, 2 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 117,6%, 5,6 млн тонна құрама жем (102,2%), 2,3 млн тонна сүрлем (117,9%) және 5,1 млн тонна сабан дайындалды (111,9%), – деп қосты ведомство.

Жалпы, Қазақстанда жемшөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжанып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама