Ірі бизнеске берілетін кредит 3,2%-ға өсті
Биыл кәсіпкерлерге 12,8 трлн теңге несие берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша банктер кәсіпкерлерге өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға артық (12,8 трлн теңге) жаңа қарыздар берілген. Бұл ретте бизнеске кепілсіз қарыздар беру көрсеткіші жиілеген. Ол биыл 9 айда 37%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Бизнеске берілетін кредиттер портфелі жыл басынан бері 7,4%-ға 12,1 трлн теңгеге дейін өсті. Биыл корпоративтік портфель өсімінің негізгі драйвері – 34,2%-ға 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғайған дара кәсіпкерлерге берілетін несиелер. Бизнеске берілетін несиелер құрылымында негізгі үлес ШОБ субъектілеріне берілетін қарыздарға тиесілі, олар 2024 жылдың 9 айында 3,0%-ға 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, – делінген Агенттік хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, ірі бизнеске берілетін несиелер 3,2%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін өсті. Биыл осы көрсеткіштің серпініне телекоммуникация және құрлық көлігі саласындағы ірі қарыз алушылардың сыртқы нарықта және ішкі қор нарығында тартылған қаражат есебінен мерзімінен бұрын өтеуі әсер етті. Бұдан басқа, ірі қарыз алушылар арасында ақша-кредит жағдайларын біртіндеп жеңілдету аясында банктердегі қолданыстағы қарыздарды неғұрлым төмен мөлшерлемелер бойынша қайта қаржыландыру тәжірибесі байқалды. Мәселен, ұлттық валютадағы ірі бизнес субъектілерінің кредиттері бойынша орташа сараланған мөлшерлеме 2023 жылғы желтоқсандағы 18,2%-дан биылғы қыркүйектің қорытындылары бойынша 16,9%-ға дейін төмендеді.
9 айдың қорытындысы бойынша бизнеске кредит берудің өсуі көлік пен байланысты қоспағанда, экономиканың барлық салаларында байқалады.
Атап айтқанда:
Агенттік ақпарат және байланыс саласындағы портфельдің 36,8%-ға, көліктің 2,9%-ға төмендеуін жекелеген ірі қарыз алушылардың несиелерді мерзімінен бұрын өтеуімен байланыстырды.