Астық сатып алу мәселесі Үкіметте де қаралады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет резервінен бөлінген қаржы есебінен 10 млрд теңгеге 150 мың тонна астық сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында президент нарықтағы бағаны ұстап тұру үшін «Азық-түлік корпорациясы» арқылы шаруалардан астық сатып алуды тапсырған.
Тапсырманы орындау үшін бүгін корпорация астықты сатып алу бағасын жариялайды. Үкімет резервінен осы бағытқа 10 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған. Бұл қаражатқа 150 мың тонна сатып алу қарастырылып отыр, - деді Айдарбек Сапаров Мәжілістің комитет отырысында.
Сондай-ақ министр тағы астық сатып алу үшін қаржы бөлу мәселесі Үкіметте қаралатынын атап өтті.