2025 жылдан бастап Қазақстан Гонконг пен Вьетнамға бидай сатады

Дәурен Ерболат

Қазір 4 елге бидай экспотталады

Фото: Halyq Uni

Қазақстан 2025 жылы Қытай, Гонконг пен Вьетнамға бидай сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасар Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен вице-премьер қандай елдерге астық жеткізілетініне тоқталды.

Біз Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға шамамен 1,5-2 млн тонна (бидай) жібереміз. Содан кейін Батыс Ауғанстан мен Шығыс Иранға 1,5-2 млн тонна (бидай) экспорттаймыз.

Дәстүрлі нарық – Орталық Азия. Бұл жаққа 6-8 млн тонна (бидай) жіберіледі. Мысалы, Өзбекстанға барып келдім. Оларға 3,5 млн тонна жіберуге келістік. Бұрын Қырғызстан 500 мың тонна бидай алатын, кейінгі кездері ала алмай жүр. Қазір Тәжікстан жақсы алып жатыр. Қытайға 2 млн тонна бидай жібереміз, - деді Серік Жұманғарин Мәжілістегі комитет отырысында.

Үкімет басшысының орынбасары 2025 жылғы жоспар туралы айтты.

Жыл басында біз Иран нарығына қайта келдік. Ол жаққа 3-4 жыл бидай жеткізген жоқпыз. Келесі жылдың басында Синьцзянда (Қытай) кездесу болады. Ол жаққа өзім барамын. Гонгонк пен СУАР-дың (Синьцзян-Ұйғыр автономиясы) басшылары болады, үшеуміз кездесеміз. Гонконг пен Вьетнамға контейнерлер арқылы бидай жеткізетін жоспарымыз бар. 2 айда «Қазақстан темір жолы» АҚ арқылы 2 млн 100 мың тонна бидайды экспортқа шығардық. Осындай тенденция қалыптасса, болашақта 12 млн тонна бидай экспортқа шығарамыз, - деді вице-премьер.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев 4 мемлекетте бидай жеткізілетінін атап өтті.

«4 елге – Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Ауғанстанға 250 мың тонна бидай экспортталады. Бұл – бір айдың көрсеткіші. Келісімшарт қарашада жасалған», - деді ол.