Halyq Uni логотип
×

Банктерде QR төлем енгізіледі

Келесі жылы кеңінен тарайды

 Қымбат Елтайқызы 15.11.2024 | 13:00
Банктерде QR төлем енгізіледі
коллаж: Halyq Uni

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде банкаралық QR бойынша пилоттық жоба таныстырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан Ұлттық банкі мен Ұлттық төлем корпорациясы (ҰТК) банкаралық QR төлемдерін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бірінші транзакция көрсетілімі 15 қарашада Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі аясында екінші деңгейлі екі банктің қатысуымен өтті, деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Банкаралық QR төлем қызметі азаматтарға QR төлемдерін жылдам және ыңғайлы жүргізуге мүмкіндік беретін Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымның (NDFI) құрамдас бөліктерінің бірі саналады, – деп қосты ведомство.

Атап айтқанда, банкаралық QR төлемдерін енгізу кәсіпкерлік субъектілеріне әртүрлі банктің бірнеше терминалын орнату құнын төмендетуге, ал азаматтарға QR-код арқылы елдегі кез келген банктің терминалы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде банктер NDFI инфрақұрылымына қатысу аясында банкаралық транзакцияларды өңдеу құнын төмендету және клиенттерге төлем қызметтерін кеңейту есебінен шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта банкаралық QR төлем жүйесінің функционалдығы қамтамасыз етіліп, қатысушы банктерді кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны масштабтау 2025 жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама