Инвестиция келсін десек, энергия тапшылығын шешу керек – сарапшы
Экономика өскен сайын энергияға сұраныс арта түседі
Алдағы 5-10 жылда елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі артады. Тапшылықтың алдын алу үшін қазірден жаңа қуат көздерін салу керек. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Талғат Темірханов энергетика саласының ахуалына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Соңғы екі жылда қауымдастық тиісті жұмыс атқарып энергетика саласының жағдайын саралады. Қазіргі жағдайды көріп отырмыз және болашақты қалай даму керек екендігін біраз техникалық және экономикалық жоспарлау арқылы біраз жұмыс атқардық. Бес жыл бұрын бізде тұтыну деңгейі 98-99 кВт/сағ болғанын көруге болады. Бүгінгі таңда тұтыну деңгейін 115 кВт/сағ дейін ұлғайды. Енді алдағы бес жылда менің ойымша, бұл үлкен мәселеге айналады. Себебі қазіргі болжамдар бойынша 2035 қарай тұтыну деңгейі арта түседі», - деді ол.
Қауымдастық басшысы елдегі энергия тұтыну көлемінің артуының негізгі себептерін атады.
Еліміздің экономикамыз өсіп, жаңа жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Электр энергиясын көп тұтынатын жобалар қазірден бастап талқынып жатыр. Мәселен, қазіргі таңда тау-кен металургиялық компанияларөздеріне алдағы бес жылдың ішінде өз өнімдерін шығару мөлшерін ұлғайтамыз деген міндеттеме алып жатыр. Осылайша экономиканың екі есе көтеруді көздеп отыр. Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау қажет. Демек, энергияны көп тұтынатын ірі компаниялар өзінің жоспарларын айтқан кезде біз тұтыну деңгейі едәуір көтеріледі деген сөз. Экономикадағы өндіру көлемі артқан сайын, энергияны тұтыну көлемі де арта түсетінін естен шығармау керек. Бұл тек ірі компанияларға ғана емес, орташа компанияларға да қатысты. Себебі олар да өндірісті артуға ұмтылады», - деп қосты Талғат Темірханов.
Сондай-ақ үкімет экономикаға инвестиция тартуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.
«Мысал ретінде қазір 30 ірі инвестициялық жобаны іске қосатын болсақ, оған шамамен 8,6 гВт энергия қажет болады. Ол қазіргі өндіріліп жатқан энергияның тең жартысы. Яғни Қазақстан инвестиция тартып, жаңа ірі жобаларды іске қосамын десе, инвесторға жер, инфрақұрылыммен қатар энергиямен де қамтамасыз етуге тиісті. Сондықтан энергия тапшылығын шешуге қазірден бастап кіріспесек, болашақта инвестицияның келуі екіталай. Ол келмейді де. Елімізге инвестиция келсін десек, онда энергия тапшылығын шешу керек», - деді сарапшы.