Сауалнамаға 3500-ге жуық кәсіпорын қатысты
Кәсіпорындарға мониторинг жасалып, дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулағаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылдың III тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг нәтижеcі туралы ҰБ АКСД директоры Рүстем Оразалин түсініктеме берді, деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Мониторинг нәтижесі бойынша дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулады. Кәсіпорындарда өнім бағасының өсу қарқыны баяулап, диффузиялық индекс (ДИ) көрсеткіші 56,9 болды (2024 жылғы II тоқсанда – 57,8). Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс біршама төмендеп, өсу аймағында қалды, ДИ 50,7 (51,1) болды, – деп 0осты ведомство.
Жалпы экономикада сатылымның орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеудегі шығысты шегергенге дейін) 24,3%-ға дейін (23,8%) ұлғайып, орташа тарихи нормадан жоғары қалыптасты.
Кәсіпорындар бизнес жүргізудегі басты кедергілерді де атап өтті. Ол, әдеттегідей, экономиканың жай-күйі (28,8%), салық деңгейі (28,5%) және нарықтағы бәсекелестік (29,4%). Өзге кедергілер арасында білікті кадрлардың тапшылығы (26,8%), сатып алушыларды іздестіру (24,5%), лицензия/рұқсат алудағы қиындық (17,0%), дебиторлық берешекті қайтарудағы қиындық (14,2%). Маңыздылығы жағынан қаржыландыруға қолжетімділік 9-орында (13,8%) тұр.
Нақты сектор кәсіпорындарында жүргізілген сауалнаманы біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатор (KOИ) нақты секторда экономикалық белсенділік біршама жақсарғанын көрсетті. КОИ 100,3-ке дейін өсті. III тоқсанда сауалнамаға 3 438 кәсіпорын қатысты.