Halyq Uni логотип
×

Елімізде астық өндіретін жаңа ірі терминал пайдалануға берілді

Ол жылына 1 млн тонна астық өндірмек

 Қымбат Елтайқызы 12.11.2024 | 16:11
Елімізде астық өндіретін жаңа ірі терминал пайдалануға берілді
фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысындағы Құрық портында қуаты жылына 1 млн тонна астық өндіретін жаңа астық терминалы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда порт аумағындағы Kaspi Grain Way жеке компаниясының астық терминалы Қазақстанның түкпір-түкпірінен астық дақылдарын қабылдауға дайын.

Жоба аясында 28 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарды біржолғы сақтау мүмкіндігі бар 18 сүрлем салынды. Құбырлардың өнімділігі сағатына 300 тоннаны құрайды. Терминал дәнді дақылдарды Қазақстаннан Иранға, Кавказ өңірі елдеріне және одан әрі экспорттайды, – деп қосты ведомство.

Бүгінгі таңда астық терминалында шамамен 14 мың тонна арпа сақталып тұр. Биыл осы терминалдан Құрық портының №4 айлағы арқылы 3 500 тонна арпаның бірінші жүк партиясы Иранға жөнелтілді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау шеңберінде іске асырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама