Halyq Uni логотип
×

Өнеркәсіп кәсіпорындарының 1 млрд теңгеден аса шығындары өтелді

Қаражаттың басым бөлігі еңбек өнімділігін арттыруға бағытталды

 Динара Амантай 12.11.2024 | 13:36
Өнеркәсіп кәсіпорындарының 1 млрд теңгеден аса шығындары өтелді
Фото: Halyq Uni

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына QazIndustry арқылы 1 млрд 154 млн теңгеге шығындарының бір бөлігі өтелді. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.

Қаражаттың басым бөлігі – 1 млрд 134 млн теңгесі кәсіпорындардың технологиялық процестерін жетілдіру, өндіріс тиімділігін жақсарту, цифрлық технологияларды енгізу және қызметкерлердің құзыретін арттыруды, технологиялық жабдықтарды сатып алу бағыттарын көздейтін еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындарын өтеуге бағытталған.

Бұл бағыт бойынша өтінімдер көбіне Алматы және Маңғыстау облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалалаларының кәсіпорындарынан, ал салалық бөліністе АӨК, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарынан келіп түскен.

Сондай-ақ, өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бағыты бойынша өтелген қаржы көлемі 20,1 млн теңге болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама