Елімізде доллар бағамы тағы көтерілді

Қымбат Елтайқызы

Осыған дейін де бағам бірнеше рет өскен еді

фото: Halyq Uni

Елімізде доллар бағамы тағы көтерілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа бағамы 0,91 теңгеге қымбаттап, 492,65 теңге болды.

Астанада шамамен 492 теңгеге саудаланып жатыр, сатып алу құны – 497 теңге, – делінген ақпаратта.

Атап өтсек, 11 қарашадағы еуроның құны – 529,97, Ресей рублі – 5,05 теңге.

Бұған дейін доллар 500 теңгеге жуықтағаны жайлы жазған едік.