Halyq Uni логотип
×

Министр Ұлыбританияның қазақстандық компанияларға санкция салғанына пікір білдірді

Мұндай фирмалар тек пайда табу үшін ашылады

 Дәурен Ерболат 08.11.2024 | 11:51
Министр Ұлыбританияның қазақстандық компанияларға санкция салғанына пікір білдірді
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлыбританияның 6 қазақстандық компанияға санкция салуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

7 қарашада Ұлыбритания санкция салынған компаниялардың тізімін жаңартқан еді. Онда Қазақстанда тіркелген 6 компания бар:

  • Kazstanex;
  • Zapchasttrade;
  • CPS Energy;
  • Stanex Group,
  • Rabadaziya,
  • TawKZ.

Бұл компаниялар Ресейге әскери мақсаттағы тауарларды тасымалдады деген күдікке ілініп отыр.

Тізімдегі 2 компания бұған дейін АҚШ санкциясына ілінген. Бұл – пайда табу үшін уақытша ашылатын компаниялар. Біз тексеруді бастағанда, олардың толық экономикалық әрекеті жоқ екенін көреміз. Олар ашылып, қандай да бір келісімшарт жасап, жоқ болып кетеді. Келісімшарттың қалай жасалғаны түсінікті. Батыста санкцияға жауап беретін қаржы қызметі кейін бұл компанияларды тіркеп, тізімге енгізеді, - деді Нұрлан Байбазаров.

Министр мұндай компанияны бірден анықтау қиын екенін жеткізді.

«Мұнда пайда табуды көздейтін әртүрлі компания бар. Жалпы бұған қарсы күресу қиын. Біз америкалық және еуропалық санкцияны бақылау қызметімен келіскен тиісті шектеулерді сақтаймыз», - деді вице-премьер.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама