Қаржы толық өндірілді
Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорданың аудандық сотының үкімімен ветеринариялық бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті органдардың бұрынғы қызметкерлері мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыз әрекеттері үшін сотталған, деп мәлімдеді Астана прокуратурасы.
Аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 526 млн теңгеден астам шығын келген, – деп қосты ведомство.
Қалалық прокуратура негізсіз жұмсалған бюджет қаражатын қайтару жөнінде сотқа азаматтық талап-арыз келтірді. Сот шешімімен прокурор талабы қанағаттандырылып, жауапкерлерден келтірілген шығын сомасы толық көлемде өндірілді. Сот актісі заңды күшіне енді.