4 жылда өңірде 1,9 трлн теңге инвестиция тартылады
Алдағы уақытта Абай облысында тау-кен байыту комбинаты мен ірі мыс балқыту зауыты салынады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Биыл 9 айда өңірде құрылыс (131,6%), өнеркәсіпте (102,6%), ішкі сауда (110,5%), ауыл шаруашылығында (106,4%), инвестиция (100,5%) салалары үлкен өсім көрсеткен.
Облыста 237 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2 мың отбасы баспаналы болды. Жыл соңына дейін оң динамика сақталады деген болжам бар. Орташа айлық жалақы 2-тоқсан қорытындысы бойынша 12,3%-ға өсіп, 340 мың теңге болды. 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер түсті, - деді Нұрлан Ұранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, биыл облыс бюджетінің көлемі 480,8 млрд теңге болған, ал меншікті кірістер – 135,5 млрд теңге.
Жалпы 2023 жылмен салыстырғанда салалар бойынша қаржыландыру қарқыны сақталып отыр. Әлеуметтік қорғау саласын қаржыландыру – 32,2%-ға (4 млрд теңге), денсаулық сақтау – 19,9%-ға (1,9 млрд теңге), білім беру – 15,6%-ға (23,3 млрд теңге) ұлғайды.
Облыс орталығы Семей қаласының бюджеті 114,7 млрд теңге болды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,7%-ға артық (106,5 млрд теңге). Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласын қаржыландыру көлемі 7,6%-ға, әлеуметтік қорғау – 14,2%-ға, жол жөндеу 2,9%-ға өсті», - деді өңір басшысы.
Өңірдегі инвестициялық жобалар
Президенттің тапсырмасы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары Үкіметтің қаулысымен бекітілді.
Оның инвестиция көлемі – 1,9 трлн теңге. Ол 102 іс-шараны қамтиды. Биыл 286,1 млрд теңгеге 74 іс-шараны іске асыру басталды. Оның ішінде 7 жоба бүгінде аяқталды. Құны – 4,9 млрд теңге. Қалған жобалар, жоспарға сәйкес 2025-2027 жылдар аралығында іске асады. 2028 жылға дейінгі инвестициялық жобалар пулы жасақталды. Оған 7 мың жұмыс орнын қамтитын 2 трлн теңгенің 23 жобасы енгізілді, - деді Нұрлан Ұранхаев.
Бүгінде 7,5 млрд теңгенің 6 инвестициялық жобасы іске асырылып, 225 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 1,6 млрд теңгеге тағы 2 жобаны енгізу жоспарланып отыр.
Ірі инвестициялық жобалар келесідей:
Ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланбаған жерлерді қайтару ісі жалғасып жатыр. Жалпы ауданы 644,1 мың гектар болатын 114 жер учаскесі анықталды. Оның 112,5 мың гектары қайтарылды. Биылғы жоспар толық орындалды, - деді облыс әкімі.
Жылумен жабдықтау
Нұрлан Ұранхаев облыста 18,5 млрд теңгеге 28 жоба іске асып (жалпы ұзындығы – 37,9 шақырым) жатқанын атап өтті.
Биыл республикалық және облыстық бюджеттен 9,2 млрд теңге бөлініп, 27,5 шақырым жылу желісі мен 17 жылу көзі жөнделді. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу көрсеткіші 64%-дан 59%-ға дейін төмендеді. 2025 жылы бұл көрсеткішті 57%-ға дейін азайту көзделіп отыр. Жеке инвесторлар есебінен 7 жылу көзі мен 3 жылу желісін қайта құру мен салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр, - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ бюджеттен тыс қаржы есебінен 32 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Осылайша, жалпы 42 жобаны іске асырылады.
Семей қаласының оң жағалауында 146,99 Гкал жылу энергиясының тапшылығы бар. Бұл мәселені шешу үшін Президент тапсырмасымен жаңа жылу электр орталығын салу туралы тапсырма бар. Әкімдік «Самұрық-Энерго» АҚ мен жобалаушыны қатыстыра отырып, жедел жұмыс тобын құрды. Құрылыс алаңы (сол жағалау, Степной кентінің ауданы) мен күл үйіндісін жинақтау орны анықталды. Қазір «Самұрық-Энерго» техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді аяқтауда, - деді облыс әкімі.
Сумен жабдықтау
Өңір басшысы 8,6 млрд теңгенің 53 жобасы (құрылыс – 33 жоба, қайта жаңарту - 20) іске асып жатқанын жеткізді.
Халықты 2025 жылға дейін орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмасына сәйкес 46 жаңа құрылыс жобасын іске асыруымыз қажет (2024 жылы – 33, 2025 жылы – 13). Биыл 33 жоба іске асырылуда, оның 8-і аяқталды. Нәтижесінде облыста орталықтанған сумен қамту үлесі 92%-дан 96,6%-ға дейін ұлғайды. Нәтижесінде облыста орталықтан сумен қамту үлесі 92%-дан 96,6%-ға дейін ұлғаяды. 2025 жылы 100% көрсеткішке қол жеткізу үшін тағы 13 жоба іске асырамыз, - деді Нұрлан Ұранхаев.
Көлік инфрақұрылымы
Бүгінде Семейде төрт жолақты жаңа көпір салынып жатыр.
2022 жылдан бері республикалық бюджеттен 15,7 млрд теңге бөлінді (2022 жылы – 355,4 млн теңге, 2023 жылы – 7,2 млрд теңге, 2024 жылы – 8,2 млрд теңге). 2025 жылғы бюджет жобасында тағы 8,5 млрд теңге қарастырылған, - деді өңір басшысы.
Нұрлан Ұранхаевтың айтуынша, аспалы көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынан кейін республика бюджетіне тиісті өтінім беріледі.
Көлік дәлізін кеңейту үшін 2024-2025 жылдары, ұзындығы 270 шақырым болатын «Бақты-Аягөз» темір жол құрылысы жоспарланған. Техникалық-экономикалық негіздеме сараптамасының оң қорытындысы алынды. Әкімдіктің қаулысымен темір жол құрылысына қажет мемлекеттік жерлер резервке алынып, теміржол желісін салуға керек жеке жер учаскелерін сату мен қайта ресімдеуге мораторий қойылды. Жобаны іске асыру Қытаймен екі жақты тасымал көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Баспана мәселесі
Облыста тұрғын-үй кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр (Семейде – 14 мың адам). Оның ішінде көпбалалы отбасылар – 2 784 адам.
Жалпы ауданы 246,9 мың шаршы метр болатын 39 көппәтерлі және жеке тұрғын-үйлер (370) құрылысы жүргізіліп, 2 100 отбасын үймен қамту көзделіп отыр. Алдағы 3 жылда тағы 148 көпқабатты тұрғын үй (шамамен 694 мың шаршы метр) салу жоспарланған. Бұл 7 мыңдай отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді, - деді Нұрлан Ұранхаев.
Білім беру
Облыста оқушы орнының тапшылығын азайту үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп салынады.
Жыл соңына дейін 3 мектеп пайдалануға беріледі: Семей қаласында – 1200 орын, қаладағы Водный кентінде – 600 орын, Бесқарағай ауылында – 300 орын. 2025 жылы Аягөзде 600 орындық мектеп салынады, - деді өңір басшысы.