Ол Digital Nomad Visa деп аталады
Қазақстанда IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa (DNV) іске қосылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және еліміздің цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған DNV бағдарламасының іске қосылғаны туралы мәлімдеді. Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру әрі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, елімізді қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі жағдайында маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған.
DNV артықшылықтары:
«Digital Nomad Visa – елімізді цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар әрі жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді», – деді цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
DNV бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді, әрі Қазақстанда жұмыс істеу мен өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.