ШҚО-да алғаш рет 500 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
Бұл тиімді технологиялардың бірі саналады
Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында алғаш рет 500 гектарға жуық жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді.
Облыста 2,8 мың гектар жер су үнемдеу жүйелерімен суарылады. Биыл Өскеменде жаңбырлатып суару қондырғыларын дайындайтын мекеме ашылды. Кәсіпорын өнімдерінің алғашқы үлгілері Ұлан ауданының 185 гектар жеріне орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 400 гектардан астам егіс алқабына су үнемдеу жүйелерін орнату жоспарланып отыр, – деп қосты Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Аталған ведомство Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, су үнемдеу жүйелерін орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтқан болатын. Осылайша, министрлік 2030 жылдың соңына қарай республикадағы суармалы жерлердің жалпы көлемінің 50%-дан астамын су үнемдеу технологияларымен қамтып, жылына 2,2 текше шақырымға дейін су үнемдеуге ниетті.
«ШҚО-да суару кезеңі сәтті өтті. Бұл жақсы өнім жинауға мүмкіндік берді. Филиал 9,2 мың гектар жерді суару үшін шаруаларға 36,7 млн текше метр су берді. Вегетацияға дайындық аясында жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылды. Гидробекеттерді жөндеу мен оларды аттестаттау жұмысы жүргізілді», – деп түйіндеді Әміржанов.