×

Смайылов шенеуніктерге инфляцияны тежеуді тапсырды

Бұл мәселе Президент төрағалығымен өтетін жиында қаралмақ

 Қымбат Елтайқызы 14.06.2022 | 12:59
коллаж: Halyq Uni

Бүгінгі Үкімет отырысында Әлихан Смайылов инфляция мәселесіне ерекше назар аударып, оның жеделдеуіне әсер ететін басты факторлардың бірі азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның өсуі екенін айтты. Мамыр қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 14%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік инфляциясының деңгейі 19%-ға жетті. 

«Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер инфляцияны тежеу жұмысын күшейтіп, пәрменді шаралар қабылдауы тиіс», – деді Премьер-министр.

Осы және басқа да мәселелер шілдеде Мемлекет басшысы төрағалығымен өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады.

Экспорттаушы 10 елдің қатарында болсақ та, Қазақстанда азық-түлік қымбат – Ақылбек Күрішбаев. Азық-түлік ең көп қымбаттаған өңір белгілі болды. Тоқаев Ұлттық банк төрағасына инфляцияны ұстап тұруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Ұлттық банк төрағасы елде тауарлар қымбаттай беретінін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама