Ұлттық банк не себепті БЖЗҚ үшін доллар сатып алуды тоқтатты
Қазанда ұлттық валюта 1,5%-ға әлсіреді
Қазанда теңге бағамы бір доллар үшін 488,23 теңгеге дейін жетті. Ұлттық банк мәліметінше, теңге 1,5%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 222 млн доллардан 278 млн долларға дейін артты. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 6,1 млрд доллар.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қазанда 1 340 млн доллар валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ы және күніне 70 млн доллардан аспады.
БЖЗҚ-дағы валюталық активтер үлесі 40%-ға жеткенін ескеріп, биыл 10 қазаннан бастап Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі үшін АҚШ долларын сатып алуды тоқтатты. Қазанда БЖЗҚ зейнетақы активтеріне шетел валютасын сатып алу сомасы 228 млн долларды немесе нарықтағы жалпы көлемнің шамамен 4%-ын құрады.
Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сай, Ұлттық Банк республикалық бюджетке трансферттер бөлуге 2024 жылғы қарашада Ұлттық қордан 1,2 млрд доллардан 1,3 млрд долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжап отыр. 2024 жылдың 30 қазанындағы жағдай бойынша 39,9%-ды құраған зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ескеріп, 2024 жылғы қарашада БЖЗҚ үшін валюта сатып алу жоспарланбайды, - деп хабарлады Ұлттық банк.