Halyq Uni логотип
×

Доллардың қымбаттауына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Еліміздің ұлттық экономикасы мұнайға тәуелді

 Дәурен Ерболат 30.10.2024 | 15:56
Доллардың қымбаттауына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
Фото: Halyq Uni

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда доллардың қымбаттауына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Төраға ұлттық экономика мұнайға тәуелді екенін атап өтті.

«Біріншіден, бізде мұнай нарығында үлкен тұрақсыздық бар. Соңғы аптада мұнайдың бір баррелі 80 доллардан бүгін таңертең 71,5 долларға дейін төмендеді. Бұл ұлттық валютамыздың бағамына әсер ете алмайды.

Екіншіден, қазақстандық заңды тұлғалар тарапынан (долларға) жоғары сұранысты көріп отырмыз. Бұл көп жағдайда бюджет немесе квазимемлекеттік сектордың қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты. Бізде ескеретін бюджет процесі бар. Мысалы, жылдың басында қаражат жоспарланады. Содан кейін тендер рәсімдері жасалады. Жыл соңында қаражат игеріле бастайды», - деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Оның айтуынша, Қазақстанда көптеген инвестициялық, инфрақұрылымдық жоба импортқа тәуелді. Сондықтан биыл 4-тоқсанда долларға сұраныс артқан.

«Бұл валюта биржасындағы сауда-саттықтың нақты сомасымен расталды. Қазір тәулігіне сауда-саттық көрсеткіші – 290 млн доллар, ал ал орташа тәулік көрсеткіші 200 млн доллар шамасында болуға тиіс. Демек биржадағы сауда-саттықтың орташа көлемі 30-40%-ға артқан», - деді төраға.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов доллардың қымбаттуына әсер ететін факторларды атады.

«Шын мәнінде үлкен толқындар болуы мүмкін. Оны да түсіру керек. Біріншіден, АҚШ-тағы сайлау. Бұл – бір бағыттағы немесе бір-біріне әсер етуі мүмкін маңызды макроэкономикалық фактор. Себебі президенттікке үміткерлерде экономикалық бағдарлама бар. Оның ішінде мұнайға қатысты.

Екіншіден, ОПЕК + шешімін күту керек. Егер ОПЕК + елдері келісіп, мұнай өндіруді қысқарта алса, бұл Қазақстанға (мұнай өндіруші ел ретінде) оң әсер етеді. Мұндай жағдай бола ма, жоқ па, оны қарау керек. Біз Сауд Арабиясы және Парсы шығанағы елдері сияқты (мұнай өндіруде) көшбасшы емеспіз. Сондықтан жоғарыдағы 2 негізгі фактор міндетті түрде әсер етеді. Егер бұл факторлар қандай да бір сыни сипатқа ие болмаса, біз де осы деңгейде қаламыз. Яғни, құлдырау болмайды», - деді төраға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама