Ұлттық қордағы қаржы қалай 100 млрд долларға жеткізіледі?
Қазір қорда шамамен 61,1 млрд доллар бар
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2030 жылға қарай Ұлттық қордағы қаржы қалай 100 млрд долларға жететінін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Байбазаровтың айтуынша, 2027 жылға дейін Ұлттық қорда 78,7 млрд доллар жиналуға тиіс. Осы мақсатқа жету үшін 2030 жылға дейінгі есеп жүргізілген.
«5 жыл уақытымыз бар. Біріншіден, мұнай өндіру көлемі. 2030 жылға қарай ол шамамен 105 млн тонна көлемінде болады. Мұнда мұнайдың орташа бағасы барреліне 75 доллар болады деген болжам бар.
Екіншіден, Ұлттық қордан қаржыны алу көлемі де әсер етеді. Біздің есебімізше, бұл көрсеткішке жету үшін 2026 жылдан бастап 2027 жылға қарай (ұлттық қордан) қаржыны алу көлемін 5 млрд долларға дейін төмендету керек. Осы екі негізгі фактор Ұлттық қордағы қаржыны 100 млрд долларға жеткізуге ықпалын тигізеді», - деді Нұрлан Байбазаров Мәжілістің жалпы отырысында.