Halyq Uni логотип
×

Шымкентте көлік иелері 1,5 млрд теңгеден аса салықты төлемеген

Олардың арасында жол талғамайтын қымбат көліктер де аз емес

 Еркеғали Болатұлы 14.06.2022 | 11:07
Шымкентте көлік иелері 1,5 млрд теңгеден аса салықты төлемеген
фото: ашық дереккөз

Шымкентте салықтан жалтарған автокөлік жүргізушілері орта жолда жаяу қалып жатыр. Уақытылы салық төлемей жүргендердің қарызын мамандар мәжбүрлі түрде өндіруге кіріскен.

Бүгінде қала бойынша 40 мыңнан аса жүргізушінің берешегі бар. Өндірілмеген салықтың жалпы сомасы 1 млрд 663 млн теңгеден асады, - дейді жергілікті кірістер департаментінің өкілі.

Қазір олар қарызы барларды анықтау үшін көше бойындағы бейнекамералардың көмегіне жүгініп отыр. Жылдар бойы көлік салығын төлемей жүргендердің арасында жол талғамайтын қымбат көліктер де аз емес. Мемлекеттік кірістер департаменті мен полицейлердің бірлескен рейді барысында 9 күнде 13 автокөлік айыппұл тұрағына қойылған. Олардың салығы 16 млн теңгеден асады.

«Салықты екі-үш жылдап төлемеген азаматтар қалада тоқтатылған жағдайда сол тоқтатқан кезде төлей алмаса, автокөлігі айыппұл тұрағына қойылады. Әрі қарай жеке сот орындаушыларымен бірлесіп жұмыс істейміз», - дейді қалалық кірістер департаментінің жетекші маманы Аббасхан Сейдахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама