Биыл 9 айда елде 82 мыңнан аса автомобиль шығарылған
Қазақстанда жақында Қытай көліктерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Біз отандық автомобильдердің CKD әдісімен өндірісін ұлғайтуға баса назар аударамыз. Бұл елімізде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттырады. Осы бағытта шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттарды салып жатыр, - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.
Сондай-ақ министр бұл зауыттардың құрылысы жақында аяқталатынын атап өтті.
Мәселен Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың автокөлік шығарылады. Сонымен қатар құны 200 млн доллар болатын KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда 150 млн доллардың Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдерінің өндірісі пысықталып жатыр, - деді ол.
Оның айтуынша, автокомпоненттердің отандық өндірісін дамыту салаға тың серпін береді деп жоспарланып отыр. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісі іске қосылады.