Прокуратура қайтарды
Ұлытау облысының прокуратурасы 218 млн теңгені мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.
Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады, – деп қосты ведомство.
Прокурорлық ден қою шараларымен заңбұзушылықтар жойылды. Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық).
Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.