Halyq Uni логотип
×

Ұлытау облысында 218 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Прокуратура қайтарды

 Қымбат Елтайқызы 28.10.2024 | 17:02
Ұлытау облысында 218 млн теңге мемлекетке қайтарылды
фото: Halyq Uni

Ұлытау облысының прокуратурасы 218 млн теңгені мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокурорлық тексеру барысында Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғарылатылған баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданғаны анықталды, деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңгені құрады, – деп қосты ведомство.

Прокурорлық ден қою шараларымен заңбұзушылықтар жойылды. Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша жауапқа тартылды (абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық).

Бүгінгі таңда аталған сома мемлекет кірісіне өз еркімен қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама