Онда 185 млн тоннадан аса мұнай болуы мүмкін
Астанада «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов China National Offshore Oil Corporation International Limited (CNOOC) директорлар кеңесінің төрағасы Ван Дунцзинмен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Келіссөз барысында қос тарап екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылап, геологиялық барлау саласындағы алдағы жоспарды бекітті.
Кездесуде «Жылыой» жаңа жер қойнауын (Атырау облысы Жылыой ауданы) пайдалану жобасы бойынша негізгі ынтымақтастық шартын айқындайтын құжатқа қол қойылды.
Қос компания жер қойнауы учаскесінде келесі жұмысты жүргізуге келісті:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының болжамынша, аталған учаскеде 185 млн тоннадан аса мұнай болуы мүмкін.
Асхат Хасенов келісімнің маңызына тоқталды.
Әлемдегі жетекші энергетикалық компаниялардың бірімен орнатқан бұл серіктестік Қазақстанның мұнай-газ секторының дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз. Сондай-ақ елімізге тартылатын шетелдік инвестицияның көлемі артады. Өйткені, барлау кезеңі CNOOC есебінен қаржыландырылады, - деді басқарма төрағасы.