Halyq Uni логотип
×

Алматыда сүт безі обырына қарсы дәрілер шығарылады

Бұл шетелдік препараттарға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді

 Дәурен Ерболат 25.10.2024 | 13:37
Алматыда сүт безі обырына қарсы дәрілер шығарылады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Алматыда сүт безі обырына қарсы препараттар шығарылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Roche және Нобель компаниялары бірлесіп, Алматы фармацевтикалық фабрикасының базасында сүт безі обырына қарсы дәрілерді шығаруға мүмкіндік беретін жобаны іске қосты.

Кәcіпорынның ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Ол нысанда еліміз үшін аса маңызды онкологиялық препараттар өндірілетінін, бұл қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Президент отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар өндірісінің үлесін 50%-на дейін ұлғайту міндетін қойған.

Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асыру аясында жаһандық фармкорпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестиция тарту көзделеді. Бұл импорттық препараттарға тәуелділікті азайтуға, олардың бағасын төмендетуге ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама