Бұған дейін Алматыда тариф 3,7%-ға өсті
1 қарашадан бастап елдің бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі қымбаттайды. Шекті тарифтерге өзгерістер Энергетика министрінің 2024 жылдың 21 қазанындағы бұйрығы негізінде енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге;
2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;
9-топ («Астана-Энергия» АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;
12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;
18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;
28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;
39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;
48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.
Сонымен қатар тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:
Министр бұйрығы 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда электр энергиясының тарифі 3,7%-ға өсетіні хабарланды. 15 қазаннан бастап электрмен жабдықтаудың орташа өлшенген шекті бағасы қосылған құн салығынсыз (ҚҚС-сыз) 29,04 теңге болды: