Halyq Uni логотип
×

1 қарашадан бастап кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды

Бұған дейін Алматыда тариф 3,7%-ға өсті

 Халық үні 24.10.2024 | 10:38
1 қарашадан бастап кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды
Фото: Halyq Uni

1 қарашадан бастап елдің бірнеше өңірінде электр энергиясының тарифі қымбаттайды. Шекті тарифтерге өзгерістер Энергетика министрінің 2024 жылдың 21 қазанындағы бұйрығы негізінде енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

1-топ (Б. Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1) – кВт/сағ үшін 8,05 теңгеден 8,27 теңгеге;

2-топ (Еуроазиялық энергетикалық корпорация) – 7,40 теңгеден 7,98 теңгеге дейін;

9-топ («Астана-Энергия» АҚ) – 8,49 теңгеден 9,28 теңгеге дейін;

12-топ («Қазақстан алюминийі» АҚ) – 6,05 теңгеден 7,87 теңгеге дейін;

18-топ («Степногор ЖЭО» ЖШС) – 22,58 теңгеден 28,97 теңгеге дейін;

28-топ («Жаңажол ГТЭС» ЖШС) – 11,44 теңгеден 11,85 теңгеге дейін;

39-топ («З-Энергоорталық» АҚ) – 13,79 теңгеден 15,09 теңгеге дейін;

48-топ («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 7,59 теңгеден 10,67 теңгеге дейін.

Сонымен қатар тізімге жаңа компаниялар қосылды, олардың тарифтері алғаш рет бекітілді:

  • 56-топ КВт/сағ үшін 43,92 теңге;
  • 57-топ тарифі 56,63 теңге;
  • 58-топ тарифі 26,08 теңге;
  • 59-топ тарифі 22,56 теңге;
  • 60-топ – 3,07 теңге.

Министр бұйрығы 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда электр энергиясының тарифі 3,7%-ға өсетіні хабарланды. 15 қазаннан бастап электрмен жабдықтаудың орташа өлшенген шекті бағасы қосылған құн салығынсыз (ҚҚС-сыз) 29,04 теңге болды:

  • Тұрғындар үшін 27,59 теңге/кВтсағат;
  • Заңды тұлғалар үшін 30,08 теңге/кВтсағат;
  • Бюджет ұйымдары үшін 30,47 теңге/кВтсағат;
  • Тұтынушылар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін 29,04 теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама