Halyq Uni логотип
×

Қыркүйекте 11 өңірде жылдық инфляция баяулады

Ал жеті өңірде керісінше жеделдеді

 Қымбат Елтайқызы 17.10.2024 | 10:19
Қыркүйекте 11 өңірде жылдық инфляция баяулады
фото: Halyq Uni

Қыркүйекте елде жылдық инфляция баяулап, 8,3%-ды (тамызда – 8,4%) құрады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық банк мәліметінше, жылдық инфляцияның баяулауы 11 өңірде тіркелді, 7 өңірде жеделдеп, 2 өңірде өзгеріссіз қалды

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласы мен Маңғыстау облысында тіркелді, – деп қосты ведомство.

Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,1%-ға дейін (тамызда – 5,5%) баяулады. Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Алматы қаласында (7,7%), ал ең төмені Астана қаласында (2,1%) қалыптасты.

Азық-түлікке жатпайын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6%-ға дейін (тамызда-7,7%) баяулады. Ең жоғарғы мәні Түркістан облысында (13,3%), ең төменгі мәні Жетісу облысында (4,9%) тіркелді.

«Ақылы көрсетілетін қызметтердің бағасы қыркүйекте бұрынғы деңгейде ж/ж 13,6% (тамызда – 13,6%) сақталды. Сонымен қатар, бағалар жалпы республикалық деңгейден Павлодар облысында (20,0%) біршама жоғары, Алматы облысында (7,7%) төмен өсті», – делінген ақпаратта.

Қыркүйекте ел бойынша бір айдағы инфляцияның өсуі 0,4%-ды құрады. Бұл тарихи орташа деңгейден (2017-2021 жж. қыркүйекте – 0,3%) жоғары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама