Halyq Uni логотип
×

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымының 90%-дан астамы Ресейге тиесілі

Кейін тізімде Қырғызстан, Беларусь тұр

 Дәурен Ерболат 13.06.2022 | 15:08
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымының 90%-дан астамы Ресейге тиесілі
Фото: dknews.kz

Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен сауда айналымы бір жылда 5,4%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

2022 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше елдермен тауар айналымы 7 725,6 миллион долларға жетті. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға көп.

Биыл қаңтар-сәуірде 2298,7 миллион доллардың (бір жылда плюс 1,2%) тауары экспортталса, импорт көлемі – 5 426,9 миллион доллар (бір жылда плюс 7,4%). Еліміздің ЕАЭО елдерімен сауда айналымының жалпы көлеміндегі Ресейдің үлесі – 93,1, Қырғызстан – 3,8%, Беларусь – 3,1%, Армения – 0,06%.

ЕАЭО елдеріне (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда) көбінесе жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) экспортталды: өсім 3,2 есе. Сондай-ақ кендер, темір концентраттары, күйдірілген пирит экспортының төмендегені байқалады (42,1%-ға аз). Бидай мен меслин бойынша импорт көлемі 3,2 есеге артқан. Сондай-ақ жеңіл көліктер, моторлы көлік құралдары импорты да 43,6%-ға азайған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама