Алматыда электр энергиясы қымбаттайды

Дәурен Ерболат

Баға 29 теңгеге көтеріледі

Фото: Halyq Uni

Биыл 15 қазанда Алматыда электр энергиясының тарифі 3,7%-ға өседі. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әсел Буденеева айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Электрмен жабдықтау бағасының өзгеруіне электр энергиясын өндіру, орташа өлшенген бағаның өзгеруі, инвестициялық құрамдас бөліктің өзгеруі, экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі және желілерді балансқа алу әсер етеді, - деді Әсел Буденеева өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.

Биыл 15 қазаннан бастап электрмен жабдықтаудың орташа өлшенген шекті бағасы қосылған құн салығынсыз (ҚҚС-сыз) 29,04 теңге болады:

  • Тұрғындар үшін 27,59 теңге/кВтсағат, ҚҚС-сыз;
  • Заңды тұлғалар үшін 30,08 теңге/кВтсағат, ҚҚС-сыз;
  • Бюджет ұйымдары үшін 30,47 теңге/кВтсағат, ҚҚС-сыз;
  • Тұтынушылар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін 29,04 теңге/кВтсағат, ҚҚС-сыз.

Электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер жеке тұлғалар үшін төмендегідей блады

  • Бірінші деңгей үшін 25,06 теңге/кВтсағат, ҚҚС-сыз;
  • Екінші деңгей үшін 33,11 теңге/кВтсағат, ҚҚС-сыз;
  • Үшінші деңгей үшін 41,39 теңге/ кВтсағат, ҚҚС-сыз.