Жылдық инфляция қыркүйекте 8,3%-ға дейін төмендеді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бас банктің хабарлауынша, жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйекте байыппен төмендеді. Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем мен жаз басында байқалған деңгейден жоғары болып отыр.
Жылдық инфляция әлі де таргеттен едәуір алшақ, дегенмен 2024 жылғы қыркүйекте 8,3%-ға дейін төмендеді. Жалпы инфляцияның динамикасы Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Азық-түлік тауарларының неғұрлым төмен инфляциясы баға өсімінің баяулауына үлес қосады. Дегенмен ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер бағасы, сондай-ақ импорттық баға қайта өсе бастады. Жылдық инфляцияның құрамында жүргізіліп отырған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы және бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауы аясында ақылы қызметтер бағасы ең жоғары өсімді көрсетті.
Айлық инфляция қыркүйекте 0,4% болып, орташа тарихи мәннен жоғары қалыптасты (0,3%). Маусымдық факторлардан тазартылған жалпы және базалық инфляция көрсеткіштері көктемде және жаз басында байқалған деңгейден жоғары қалыптасып келеді.