Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бағасын бақылау күшейді

Бұған дейін олардың бағасын негізсіз қымбаттату фактілері жиілеген еді

 Қымбат Елтайқызы 10.10.2024 | 12:00
Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бағасын бақылау күшейді
фото: Halyq Uni

Мемлекет дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Денсаулық сақтау министрлігі құжат айналымындағы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар бағасының алшақтау фактілерін автоматты түрде анықтау үшін өзінің ақпараттық жүйелерін оңтайландырды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді, деп мәлімдеді палата.

Шілдеде Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды. Аудиторлар шекті бағаларды тіркеу кезіндегі мәлімет пен ҚР аумағына әкелу кезіндегі ілеспе құжаттардағы нақты бағалар арасындағы дәрілік заттар құнындағы алшақтық фактілерін анықтады. Осыған байланысты ведомствоға мұндай жағдайларды автоматты түрде тіркеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды, – деп қосты ведомство.

Бүгінгі таңда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы «Референттік баға белгілеу» және «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» ақпараттық жүйелерін оңтайландырды. Бұл дәрі-дәрмектерге шекті баға белгілеуге бақылауды едәуір күшейтеді және жеңілдетеді. Осылайша, жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата нұсқамасының тармақтарының бірі орындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама