Олардың не үшін жазаланғаны белгілі болды
Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алудан заңсыз бас тартқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыс прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан заңын бұзып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірнеше рет бас тартқанын анықтады.
Мысалы, ауданның құрылыс бөлімдерінің бірі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың және басқа да құжаттаманың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан. Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін қолданылмайды (заңның 5-бабы 13-тармағы), – деп мәлімдеді Ақмола прокуратурасы.
Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.
Облыс прокуратурасының ұсынуы бойынша, 8 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.