×

Қазақстаннан әлемнің қанша еліне ұшуға болады

Еліміз халықаралық рейстер географиясын айтарлықтай кеңейтіп жатыр

 Қымбат Елтайқызы 08.10.2024 | 17:50
фото: Halyq Uni

Қазақстаннан әлемнің 32 еліне ұшуға болады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемнің 32 елімен – Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Мысыр, Үндістан, Иран, Италия, Катар, Қытай Халық Республикасы, Кувейт, Қырғызстан, Малайзия, Чехия, Моңғолия, Нидерланды, БАӘ, Польша, Ресей Федерациясы, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Мальдив аралдары, Бахрейн, Черногория, Грециямен тікелей әуе қатынасы бар.

Қазіргі уақытта 132 халықаралық әуе бағыты бар. Қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары аптасына 778 халықаралық  рейс орындайды, – деп мәлімдеді Көлік министрлігі.

Министрлік шет мемлекеттердің авиациялық билік органдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша үнемі келіссөздер жүргізеді. Бұл қолжетімді бағыттардың санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Биыл Алматыдан Мумбай, Бейжің, Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, сондай-ақ Ақтөбе – Шарм-эль-Шейх қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі лоукостердің бірі – малайзиялық Air Asia X әуе компаниясы Астанадан Душанбе, Прага, Сеул, Ақтау-Минеральные воды қалаларына тұрақты рейстерді қалпына келтірді. Ал қытайлық China Southern Airlines әуе компаниясы Алматы-Үрімші бағыты бойынша рейстер санын көбейтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама